×

Су мәселесі: Мәжіліс спикері үкімет мүшелерін есеп беруге шақырды

Бақытжан Базарбек су мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады

 Дәурен Ерболат 06.12.2023 | 12:27
Ерлан Қошанов, фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов су мәселесі бойынша Үкімет мүшелерінің есебін тыңдауға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат Бақытжан Базарбек болашақта әрбір екінші қазақстандық сусыз қалатынын айтып, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәселенің өте өзекті екенін атап өтіп, Үкімет мүшелерін Мәжіліске шақырды.

Өткен аптада да бұл мәселені әріптестеріміз көтерген еді. Сондықтан айтылған ұсынысты келесі отырыстардың біріне Үкімет мүшелерін шақырып, осы жерде суды үнемдеу, оны тиімді пайдалану бойынша есебін тыңдаған дұрыс деп ойлаймын. Біздің аппарат және үкіметтің өкілі осында отыр. Сіздер осы жұмысты ұйымдастырыңыздар, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, қазақ даласы көктемде көлге айналса, жазда шөлге айналады. Ал қазіргі үкімет мәселені шешуге қауқарсыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама