×

Астанада таэквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды

Оған 113 ер, 76 әйел қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2023 | 16:47
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Астанада таеквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды. Жарыс 2-4 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды.

Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы медальдар үшін күш сынасты. Оған 113 ер, 76 әйел қатысты. Олардың арасында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-де-Жанейро, Токио қалаларында болған Олимпиялық ойындарға қатысып, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Руслан Жапаров, Чэндудегі Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы Рита Бакишева, құрама көшбасшылары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары Ботагөз Қапанова, Нұрбек Ғазез, Нұрай Хусайынова мен басқа да спортшылар бар.

Спартакиадада спортшыларымыз 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпазды анықтады. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама