×

Бүгін Хеопс пирамидасында құпия есіктер ашылады

Ғалымдар үлкен жаңалық күтіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2023 | 12:05
Фото: tum.de

Бүгін археологтар Хеопс пирамидасынан табылған үш құпия есікті ашады. Бұл туралы Ұлыбританияның The Sun газетіне берген сұхбатында Мысырдың көне жәдігерлер жөніндегі бұрынғы мемлекеттік министрі Захи Хавас айтты. Қазір ол елдің жетекші археологы болып саналады.

Оның айтуынша, құпия есіктердің бірі бейіттің екінші камерасының оңтүстік кіреберісіне жақын жерде орналасқан. Оның екі мыс тұтқасы бар. Осы есіктің артында тағы бір есік бар. Ал үшінші есік солтүстік туннельде орналасқан. Бұл есік симметрия үшін туннельдің артында жасырылған болуы мүмкін.

Егер жұмбақ есіктер ашылса, бұл үлкен жаңалық болады. Өйткені табылған есіктердің айналасы бірнеше рет зерттелгенмен олардың артында не жасырылғаны туралы ешкім ештеңе білмейді, – деді ол.

Бүгін ғалымдар барлық есік ашылса, Хеопс пирамидасының құпиясы толығымен ашылады деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама