Перзентхана маңындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қымбат Елтайқызы

Төтенше жағдайдан бірнеше адам қаза тапты

фото: Halyq Uni

Шымкенттегі жарылысқа қатысты Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі (адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Бұған дейін Шымкентте алапат жарылыс болып, ғимарат күзетшісі қаза болғанын хабарлаған едік. Кейін жан-жағын жайпаған жарылыс орнына Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов те жетті. Біраз уақыт өткен соң жарылыс құрбандарының саны артқаны белгілі болды.