×

Шымкентте алапат жарылыс болып, ғимарат күзетшісі қаза тапты (ВИДЕО)

Жарылыс салдарынан 138-ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылған

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2022 | 13:00
Фото: orda.kz

Бүгін сағат 12:06-да 102 телефонына Шымкенттегі Г.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Олар жеткен бойда жарылыс салдарынан 138-ауруханааралық дәріхана ғимаратының жойылғанын анықтады. Айта кетсек, онда тұзды ерітінді өндірілетін.

Жарылыстан кейінгі өртті ТЖД қызметкерлері толығымен өшірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның себебі газдың жиналуынан болған.

Қазір оқиға орнында бір күзетшінің қаза тапқаны белгілі болды. Басқа зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама