×

Астанада қала маңына қатынайтын барлық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын барлық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды

 Халық үні 05.12.2023 | 07:33
Фото: cts_kz

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын барлық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобус бағдарлары кешігеді. Қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама