×

«Артында жары мен үш баласы қалды»: Қарағанды облысында екпеден қайтыс болған ер адамға қатысты тың дерек шықты

Марқұмның артында жары мен үш баласы қалды

 Халық үні 04.12.2023 | 20:38
Фото: видеодан алынды

Қарағанды облысында ауруханада жан тапсырған жігіттің отбасы дәрігерлерді қатаң жазаға тартуды талап етіп отыр. Айтуларынша, жоспарлы ота жасауға барған адамға дәрігерлер науқастың аллергиясы бар антибиотик егіп жіберген. Соның салдарынан ол анафилактикалық шок алып комаға түсіп, екі күннен кейін тілге келмей бақилық болған, деп хабарлады КТК арнасы.

«Аллергияға сынама қалайша теріс нәтиже берген? Ол мүмкін емес. Ауруханаға келгенде сол антибиотикке аллергиясы бары айтылып, жазылып алынды. Білегіне аллергиясы бар дегенді білдіретін көк түсті бау байланды. Соны мейірбике көре тұра, ЦЕФ 3 егіп отыр. Бірден реакция берген», - дейді марқұмның жары Гүлмира Мақашева.

Төрежан Мақашев облыстық ауруханаға жоспарлы түрде тік ішегіне ота жасатуға әйелі екеуі бірге келген. ЦЕФ 3 антибитигіне аллергиясы бар екені ауруханаға кіргеннен айтылған. Науқасты қабылдаған құжаттардың бәрінде ол ақпарат жазылған. Бірақ ота жасалардың алдында алған екпеден кейін оның жүрегі тоқтап қалған. Реаниматологтар 20 минут дегенде жүрегін қайта соққызғанымен, науқас комаға түскен. Ақыры, екі тәулік есін жимай жатып жан тапсырған.

Марқұмның артында жары мен үш баласы қалды. Әйелі екеуі қылмыстық атқару жүйесі департаментінде қатар қызмет еткен. Марқұмның жары Төрежанға аллергиясы бар препаратты егуге жол бергендер жазасын алсын деп отыр. Ал дәрігерлер антибиотикке аллергиясы бар-жоғы тексерілген дейді. Мұны медициналық қызмет сапасын қадағалау басқармасындағылар да растады. Дегенмен науқастың өліміне нақты не себеп болғанын кешенді тексеріс пен тергеу анықтауға тиіс.

«Отадан бұрын тері іші сынама жасалынады. Оның қорытындысы бойынша ол теріс болып бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦеФ 3 дәрісі салынған. Сот медициналық сараптамасының болжамы бойынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған», - дейді Қарағанды облысы медициналық және фармацефтикалық бақылау департаментінің бас маманы Ардақ Бейісова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама