×

33 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 5-7 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды.

 Халық үні 04.12.2023 | 19:45
Фото: Tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК 5-7 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі;

6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қатты қар болжанады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы түнде еліміздің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама