×

Шымкентте халықты 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

Алаяққа 53 адам ақшасын санап берген

 Дастан Жұмабекұлы 04.12.2023 | 15:46
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласында халықты 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысы, Тараз бен Шымкент қаласының тұрғындары 34 жастағы алаяққа алданып, 56 млн теңгеден астам ақшасын ұрлатқан. Алаяққа 53 адам алданған.

Алаяқ олардың бәрін электроника дүкенінен тауарлық несие алуға көндірген. Содан кейін ол адамдарға қарызды төлемеуге болатынын, сауда орындарының жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылатынын айтқан.

Алданған адамдар электрониканы несиеге алған соң, күдікті олардан тауарды жарты бағаға сатып алып отырған. Бір айдан кейін адамдар телефондарына төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде алаяққа алданып қалғанын бір-ақ білген. Бұл оқиға бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Тәртіп сақшылары күдікті әйелді ұстаған соң, оның  кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама