×

Катардағы келіссөзден күдер үзген Израиль барлау қызметі кері қайтады

ХАМАС лаңкестік ұйымы барлық бала мен әйелді босату келісімін орындамаған

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2023 | 16:51
фото: newsland.com

Израиль барлау қызметіне Катардан кетуге бұйрық берілді. Келіссөзге қатысушыларды қайтару туралы бұйрықты премьер-министр Биньямин Нитаньяху берді.

Израиль тарапы радикал ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келіссөздер тығырыққа тірелгенін мәлімдеді.

ХАМАС лаңкестік ұйымы өздері ұсынған және бекіткен тізімге сәйкес, барлық бала мен әйелді босатуды қамтитын келісім бөлігін орындамады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, соғыс басталғалы бері Катар ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздерге себепкер болып келеді. Осы ел атысты уақытша тоқтатуды және кепілге алынғандарды босатуды ұйымдастыруда және ұзартуда маңызды рөл атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама