×

Ұйғыр ауданында мас жүргізуші «джиппен» 30-дан астам қойды мыжып өткен

«Toyota Lend Cruiser» автокөлігін Талғар ауданының 25 жастағы тұрғыны жүргізген

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2022 | 15:25
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында мас халде көлік жүргізген адам тасжол бойында 30-дан аса қой-ешкі, қозы-лақты басып өткен. Қазір ол оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Өлі малдарды телефонымен видеоға түсіріп жүрген адамның айтуынша, оқиға кеше Тоғызбұлақ-Қалжат тасжолы бойында болған. Видеоны желіге жүктеген Дамир Аспанның жазуынша, көлік иесі мас болған және тоқтамастан кетіп қалған.

Ал облыстық Полиция департаменті оқиға 20 мамыр күні Ұйғыр ауданында болды деп отыр.

«Toyota Lend Cruiser» автокөлігін Талғар ауданының 25 жастағы тұрғыны басқарған. Ол «Ақсай-Шонжы-Қалжат» тас жолының 55 шақырымында бір отар қойды қағып өткен. Медициналық сараптама барысында көлік жүргізушісінің масаң күйде болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабы және 610-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жол ережесін бұзған адам ұсталып, қамауға алынды», - деді Алматы облысының ПД баспасөз қызметі журналистерге берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20