×

Астанада қоғамдық көлік бағыттарында автобус көбейеді

Екі бағытта автобус саны артпақ

 Ербол Тұрымбет 02.12.2023 | 17:44
Фото: видеодан скриншот

Елордада 4 желтоқсаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жұмыс күндері бірнеше бағыттағы қала маңына қатынайтын автобустар саны артады.

Дүйсенбіден бастап мына бағыттарға автобус қосылады:

  • №304, 306, 308, 312, 322, 326 бағыттарда бір автобус қосылады.
  • №320 бағытта автобус саны 8-ден 10-ға дейін артады.

Бұл өзгерістерге байланысты бағыттардың қозғалыс кестесіне түзетулер енгізуге тура келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама