×

Жас теннисшілер «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алды

Австралия чемпионаты келесі жылдың 20-27 қаңтар аралығында өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2023 | 17:00
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисшілер Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында өтетін «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатына қатысады.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы мен Айя Нұпбай Австралия чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды.

«Үлкен дулыға» турнирі келесі жылдың 20-27 қаңтар аралығында өтеді.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов – 16 жаста. Жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 55-орында тұр. Ол ITF Juniors санатында өткен жарыстарда жекелей және жұптық сында бес реттен жеңімпаз атанды.

Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова рейтингте 68-сатыда келеді. Ол ITF Juniors додаларында жекелей сында бір рет чемпион болды. Оның жұптық сында 13 титулы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама