×

Қонаевтағы казинолар қала шетіне көшірілмейді

Қазір Алматы облысының орталығында 5 казино жұмыс істейді

 Дәурен Ерболат 01.12.2023 | 15:06
photo © Vlast / Данияр Мусиров

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы казиноларды қала шетіне көшіру туралы тұрғындардың ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орталық коммукация қызметінде өткен брифингте журналистердің бірі Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке сұрақ қойды:

- Алматы облысы екіге бөлінгені белгілі. Қазір Қонаевта тұрып жатырмыз. Кешке отбасымызбен қалада серуендейміз. Әсіресе, кешке және түнде Қонаевта казинолар қызыл-жасыл болып ерекше көзге түсіп тұрады. Балаларымыз «анау қандай ғимарат?» деп көп сұрақ қояды. Шынымен сол кезде жауап беруге қиналамыз. «Казино – ойынхана» десек, «сонда барып ойнайық» деп айтуы мүмкін. Болашақта казинолар Қонаев қаласынан шеткері жерге көшіреле ме? Жоспарда бар ма? Казиноның кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып жатқанын білеміз. Алайда казиноның Дінмұхаммед Қонаевтай ұлы тұлғамен қатар аталуы не этикаға, не моральға сай келмейтін сияқты?

Облыс әкімі қаланың дизайн-коды бекітілгенін және балалардың назарын аудармаудың жолдары қарастырылып жатқанын айтты. 

«Қонаевтағы казинолардың жарығы тек түнде қосылады. Ол жаққа балаларды апармау керек шығар (күліп). Жалпы сұрағыңыз орынды. Біз қаланың дизайн-кодын бекіттік. Әрине, оған сәйкес абаттандыру және жарықтандыру жұмысын жүргізу керек. Сол стандартты енгізу үшін жұмыс істейміз. Сондықтан балалармен жүрген кезде көзге көрінбейтін басқа стандарттарды енгізуге тура келеді», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысы казинолардың қала шетіне көшірілмейтінін нақты айтты.

Қаладан казиноларды көшіру жоспарда жоқ. Өйткені Қонаев – туристік қала. Бұл да туризмнің бір саласы, яғни ойын туризмі. Себебі, шетелдік туристердің алдында бар мүмкіндігіміз бен басымдығымызды жоғалтпай көрсетуіміз керек, - деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама