×

Израиль мен ХАМАС тағы тұтқын алмасты

1 желтоқсанға қараған түні палестиндік жасақ кепілге алынған 6 адамды босатты

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2023 | 11:03
Фото: Nir Keidar

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мен ХАМАС ұйымы тағы тұтқындар алмасты.

1 желтоқсанға қараған түні палестиндік жасақ кепілге алынған 6 израильдік азаматты босатты, деп хабарлады dw.com.

«Дойче велле» агенттігінің мәліметіне қарағанда, Израиль 30 палестиналық тұтқынды түрмеден босатты. Бұған дейін ХАМАС қозғалысы кепілге алынған 8 адамды босатып, Израильге тапсырған болатын.

Еске сала кетсек, 24 қарашадан бері тараптар алтыншы рет тұтқын алмасып жатыр. Бұл ретте Израиль мен ХАМАС-тың бірінші тұтқын алмасуы екі күнге жалғасқан болатын. Ал екінші рет алмасу бір күн ғана болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама