×

Футболда алаңнан уақытша қуу жазасы пайда болады (ВИДЕО)

Төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2023 | 10:20
Фото: Reuters

Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph.

Британиялық басылымның хабарлауынша,  футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін. 

IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, – делінген хабарламада.

Бұған Еуро-2020 матчында тіркелген Джорджо Кьеллини мен Букайо Сака арасындағы оқиға себеп болды. Ол кезде Италия құрамасының қорғаушысы Англия командасының ойыншысына қапталмен жүгіріп өтуге кедергі жасап, жейдесінен тартып, жерге құлатқан болатын.

Бұл жаза қою сары түсті ескерту қағазының баламасы болады. Енді төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама