×

Шымкентте 2 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды

 Халық үні 30.11.2023 | 21:55
фото: Halyq Uni

Шымкент полицейлері іс-түссіз жоғалған ер адамды отбасымен қауыштырды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Осыдан екі жыл бұрын, 2021 жылы Абай аудандық полиция басқармасына із-түссіз жоғалған 34 жастағы қала тұрғыны туралы хабар түскен.

Туыстарының сөзінше, ер адам үйден шығып, оралмаған. Оның жүрген жерін анықтауға криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде із-түссіз жоғалған адамның жүруі мүмкін барлық жерді тексеріп, көрші облыстардағы әріптестеріне де бағыттама жіберген.

Ер адам Алматыда құрылыс нысандарының бірінде жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Жедел уәкілдер оны Шымкентке апарып, отбасымен қауыштырды.

Оның қарт ата-анасы мен әпкесі полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама