×

Хостелдегі өрт: Алматы әкімдігі қаза тапқандардың мәйітін тасымалдап, жерлеуді ұйымдастыруға көмектеседі

Қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі

 Динара Амантай 30.11.2023 | 15:15
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі бүгін хостелде қаза тапқандардың мәйітін тасымалдауға және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдаудың барлық шаралары көрсетіліп жатыр. Жедел түрде уақытша баспана беріліп, тамақтану ұйымдастырылды. Қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: +7 707 779 07 08; +7 777 312 08 08.

Алматы қаласының әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама