Halyq Uni логотип
×

Алматы қаласындағы өрт оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына бара жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.11.2023 | 11:14
Алматы қаласындағы өрт оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелді
Фото: 24.kz

Алматыдағы хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына бара жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт болған жерде Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұл нысан 1,5 ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Аумағы – 457 шаршы метр.

Алматы қаласының ТЖД осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабына сәйкес қылмыстық істің тіркелгенін хабарлады. Оқиғаға қатысты басқа да мәлімет толықтырылатын болады.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда таңғы сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында және жертөлесінде орнанасқан хостел өртеніп, 13 адам көз жұмған болатын. Сондай-ақ хостелден 59 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама