×

Алматыда хостел өртенді: 13 адам көз жұмды

Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 30.11.2023 | 08:55
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының ТЖД-ға 30 қарашада таңғы сағат 05:33-те Ади Шәріпов көшесіндегі хостелдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жеткен. Олар бірден ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі хостелге айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқанын көрген.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр.

Өрт таңғы сағат 06:22-де сөндірілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрттен 13 адам қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Адамдар көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған, – деп жазылған қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өртті сөндіруге 46 маман мен 13 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі мен адамдардың нақты неден қайтыс болғаны анықталып жатыр.

Ақпарат толықтырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама