×

Алматыдағы қайғылы жағдай: 59 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Бүгінде 3 адам ауруханада жатыр

 Дәурен Ерболат 30.11.2023 | 09:10
Фото: Stan.kz

Алматыда өртенген хостелден 59 адам эвакуацияланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

30 қарашада таңғы сағат 08:40-та өртенген ғимараттан 59 адам эвакуацияланды. Оның төртеуі сағат 08:40-қа дейін жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Оларға ыстық тамақ берілді. Адамдарға қажет медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Олар бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады.

Ақпарат толықтырылады.

Бұған дейін қалада хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама