×

Елімізде екпе салуға наразыларға қарсы петиция жарияланды

Қазір оған 80 адам қол қойып үлгерген

 Халық үні 30.11.2023 | 07:20
Фото: baigenews.kz/Бауыржан Жуасбаев

Otinish.kz сайтында 29 қарашада балаларына екпе салдыртудан бас тартқан ата-аналарға жауапкершілік енгізуді талап еткен петиция жарияланып, ол бойынша қол жинау басталды.

Петиция авторлары қоғамымызда балаларға екпе салдыртудан бас тартуға байланысты қауіптің артып келе жатқанына алаңдаулы екендіктерін, коронавирус пандемиясынан кейін Қазақстан жаңа проблемамен бетпе-бет келіп, кейбір ата-аналардың балаларына екпе салдыртқысы келмеуіне байланысты инфекциялар түрі, соның ішінде қызылша бұрқ етіп жатқанын айтып, дабыл қағады. 

Ешқандай себепсіз вакциналаудан бас тарту жеке отбасылардың денсаулығына ғана емес, жалпы қоғамға қауіп төндіреді. Вакциналаудан бас тартуға шақыратын екпеге қарсылар мен инфлюенсерлер насихаттың дұрыс қабылданбайтын жағдайын тудырады әрі олар өздерінің кеңестеріне құлақ асатындарға ғана емес, сонымен қатар жалпы айналасындағыларға да қауіп төндіреді, - делінген петицияда.

Петиция авторлары Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың (АҚЕС) 2021 жылғы «Вавричка және Чехияға қарсы басқалар» ісі бойынша шешімінде белгілеген жағдайға назар аудартады.

АҚЕС міндетті вакциналауды заңды және демократиялық қоғамда әр кезде қажет деп тапты. Бұл шешім балалар мен жалпы қоғамның денсаулығына қамқорлық жасауда жауапкершілікті қабылдаудың маңыздылығын танытады. Сондықтан біз өздеріңізді дәлелді себептерсіз вакциналаудан бас тартқан ата-аналар үшін жауапкершілікті енгізу туралы петициямызды қолдауға әрі оған қосылуға шақырамыз, делінген құжатта.

Петиция авторлары мынандай шараларды ұсынады:

Білім беру мекемелеріне болу кезінде вакциналауды міндеттеу: АҚЕС шешіміне сәйкес жетекші ауруларға қарсы екпе алғаны туралы анықтамасы жоқ балалар балабақшалар мен мектептерге жіберілмеуі тиіс.

Ата-аналардың жауапкершілігі: балаларына себепсіз екпе салдыртудан бас тартқан ата-аналар балаларының және айналасындағылардың денсаулығына тигізуі ықтимал салдар үшін жауапты болуы керек.

Вакциналауға қарсы насихатқа қарсы іс-қимыл: ғылыми негіздемесіз вакциналаудан бас тартуға шақыратын инфлюенсерлер мен медианың қызметін реттейтін заңдар қабылдау.

Бұл шаралар балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамымыздың ұжымдық иммунитетін нығайтуға көмектесетініне сенімдіміз. Қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздік үшін күреске қосылыңыз!, 

Петицияны сайтқа Ілияс Мыңжасаров жүктеген. Қазір оған 80 адам қол қойып үлгерген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама