×

«Кедейлер көбейді»: Смағұл Елубай Назарбаевтың ең үлкен қателіктерін айтты (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан байлығы 162 адам қолында деп айтуының өзі - батылдық...

Белгілі жазушы Смағұл Елубай «Сұрауы бар» Youtube арнасындағы сұхбатында журналист Ербол Сейілханға экс-президент Назарбаевтың ең үлкен қателіктерін атады.

«Әрине, Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі де жетеді. Бірақ үлкен қателігі - жағдайы жоқ, кедей-кембағалы адамдардың саны көбейіп кетуі дер едім. Үлкен проблема осы. Осындайда адамдар кез келген басшыны жерден алып жерге салуға дайын. Өйткені олар ашынған адамдар. Жұмысы жоқ, үйі жоқ жастар толып жүр. Олар ешқайда кеткен жоқ. Олардан жақсы сөз естиміз деп дәмеленбеу керек. Жағдайын жасағаннан кейін барып қана олар мақтай бастайды. Онда болмаса бірінші басшыны қарғайды», - деді жазушы.

Бірақ Смағұл Елубай өзі Елбасыдан сырт айналмағанын айтады.

«Оның саяси қателігі - төңірегіндегі ағайындарына ие бола алмай қалғаны. Бала-шағасы, ағайындары пайдаланды. Оларды өте қатал ұстау керек еді. Жолатпау керек еді. Қазіргі Конституцияға бап дұрыс кіріп жатыр. Президенттің жанындағы адамдарды еркелетпеу туралы бап.  Үлкен қызметтер беріп еркелетсе, оның шегі болмайды. Ертең Президенттің жағасына сол адамдар жармасады. Өз туыстарың жармасуы мүмкін. Міне, қателік осында болды. Ағайын-тустары шектен шығып кетті. Ол кісінің мен жақсылығын көрген адаммын», - деп айтты сұхбатында ол.

Сонымен бірге жазушы елдегі олигархтарға да кедейлік мәселесі бойынша кеңесін айтты.

«Біздің миллиардерлер, байлар, коррупционерлердің «мә» деп ақшасын беруінің қажеті жоқ. Халық өзінің қор болғанын, қиналғанын ешқашан ұмытпайды. Олар көшеге шыққан кезде: «Біз жоғалтатын түк жоқ» деген жағдай болды. Міне, осындай ахуал болмас үшін миллиардерлер ойлануы керек. Шамасы келсе ол ақшаны қайтаруы керек Үкіметке. Сөйтіп, жұмыс орындарын ашып, халықтың жағдайын жасауға күш салуы керек. Бақытсыз елде тұрып, бақытты бай болуға болмайды. Күндердің күнінде аш адамдар тоқтарына шабуыл жасайды. Сондықтан 162 байды атап өтті ғой Президент Тоқаев. Сол 162 адамның қатарына кіргендердің бәрі қатты ойлансын. Егер елдің ішінде абыройлы болайын десе, елге жағдайды жасасын. Мүмкіндігі бар ғой. Осыны айтар едім. Елбасына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан байлығы 162 адам қолында деп айтуының өзі, сыртқа шыққан ақшаны қайтару керек, қылмыс жасағандарды аямау керек дегенінің бәрі батылдық», - деді жазушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23