×

Паралимпиадашы үйлену тойында 4 адамды атып өлтірді

Өткен жылы ол қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңды түрде сатып алған

 Халық үні 28.11.2023 | 21:21
Фото: ru.pinterest.com

Таиландтық паралимпиадалық жүзуші Чатуронг Суксук өз үйлену тойында 4 адамды атып, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады BBC.

Өткен аптаның соңында 29 жастағы спортшы 44 жастағы сүйіктісіне үйленбек болған. Алайда ол кенет үйлену тойынан кетіп қалған. Содан кейін тапаншамен оралып, қалыңдықты, оның 62 жастағы анасы мен 38 жастағы сіңлісін атып тастаған. Оқ екі қонаққа да тиіп, олар ауруханаға түсті. Олардың бірі кейін қайтыс болған.

Қылмыстан кейін Суксук өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция оның қатты мас болғанын және мұндай қадамға не себепті барғаны анықталмағанын мәлімдеді. Өткен жылы Суксук қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңды түрде сатып алған.

Тайландтық ақпарат құралдарының хабарлауынша, паралимпиадашы мен оның көз жұмған қалыңдығы үйлену тойына дейін 3 жыл бірге өмір сүрген. БАҚ мәліметінше, мереке кезінде ерлі-зайыптылар жанжалдасып, күйеу жігіт жас айырмашылығына байланысты ыңғайсыздық сезінген.

Суксук өткен жылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) Паралимпиадасында жүзуден күміс жүлдегер атанды. Ол спорттық мансабын Тайланд шекарасын күзететін әскерилендірілген жеңіл жаяу әскер бөлімінде қызмет ету кезінде оң аяғынан айырылғаннан кейін бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама