×

Ұлттық ғылым академиясының ғимаратын жөндеуге ақша бөлінді

Бұл жұмыспен Qazaq Stroy компаниясы айналысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.11.2023 | 15:53
Фото: gov.kz/Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясының ғимаратын жөндеу жұмысы басталды. Бүгінде «Ғылым ордасының» 6 павильоны жөнделіп жатыр. Одан кейін тағы 6 павильоны жөнделеді.

Ғимараттың жалпы ауданы – 38 801,5 шаршы метр. Qazaq Stroy компаниясы өкілдерінің айтуынша, келесі 6 павильонның жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Қазір шатырды, ғимараттың қасбетін ауыстыру, терезелерді қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр. Төменгі тоқ жүйесі, атап айтқанда, өрт және күзет дабылы, телефон орнату, интернет желісі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ескі есіктерді бөлшектеу, батареяларды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ескі шойын радиаторлары заманауи биметалдық радиаторларға ауыстырылды, – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Былтыр 1 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында оның ғимаратын жөндеу керектігін айтып, Үкіметке Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп, меценаттар мен демеушілерді тарта отырып, «Ғылым ордасы» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды тапсырған болатын.

Қазір ғимараттың тарихи келбетін сақтау үшін Qazaq Stroy компаниясы Archrest жобалау және қалпына келтіру компаниясымен бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама