×

Биыл ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге түсті – Қарабаев

Келесі жылы 1 200 шақырым жол ақылы болады

 Дәурен Ерболат 28.11.2023 | 11:00
фото: egemen.kz

2023 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстандағы ақылы жолдардан бюджетке 26,5 млрд теңге түсті. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге керек. Осыған байланысты республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту үшін кезең-кезеңімен ақылы жолдардың көлемін кеңейтіп жатырмыз. Қазір 3 мың 200 шақырым жолға ақылы жүйе енгізілді. Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырым жолға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады.

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифтері жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен деңгейде. Соңғы уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты жөнделген жолдарды нормативті жағдайда сақтау үшін жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ақылы жүйенің бірінші кезекте транзиттік көліктерден қаражат жинауға бағытталғанын ескеріп, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген», - деп түйіндеді сөзін министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама