×

Ресейде халықтың бәрін «орыстар» деп атайтын заң қабылдау ұсынылды

Біздің елде ұлттар көп, бірақ халық біреу ғана. Ол – орыс халқы, – деді Султан Хамзаев

 Дастан Жұмабекұлы 27.11.2023 | 15:25
Фото: Евгений Биятов

Ресей Мемлекеттік думасында РФ-тегі халықтың бәрін «орыстар» деп атайтын заң қабылдау ұсынылды.

Gazeta.ru-дың хабарлауынша, осылайша Думада орыс халқының мәртебесін анықтайтын федералды заң қабылдау мәселесі көтерілді. Бұл ұсынысты Мемлекеттік думаның депутаты, дағыстандық құмық Султан Хамзаев жасады. Оның айтуынша, «Ресей Федерациясының көпұлтты халқы» деген тіркесті «Ресей Федерациясының орыс халқы» деген ұғымға алмастыру елдегі жағдайға дәл келеді.

Ресейде ұлттар көп, бірақ халық біреу ғана. Ол – орыс халқы, – деді ол.

Хамзаевтың пікірінше, бүгінде «орыс халқы» деген санатқа тек славян халықтары ғана емес, сонымен бірге Дағыстан, Татарстан, Шешенстан, Башқұртстан, Удмуртия және Саха секілді ұлттық республикалардың тұрғындары кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама