×

Паралимпиада жүлдегері балалар колониясында болды

Дзюдошы Теміржан Дәулет жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесті

 Дастан Жұмабекұлы 27.11.2023 | 13:53
Фото: polisia.kz

2020 жылғы жазғы Паралимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдошы Теміржан Дәулет Алматыдағы балалар колониясында болды, деп хабарлады polisia.kz.

Ол Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ның №11 мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқандармен әңгімелесті.

Балалар дзюдошыны тыңдап, өздерінің спорттағы жетістіктері туралы айтты. Кездесу соныңда спортшы дзюдо техникасын көрсетіп, балалардың шығыс жекпе-жегінің ең танымал түріне деген қызығушылығын оятты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама