×

Анкараның басшысы Түркістанға тосынсый жасады

Ол Түркияның футбол клубтарын Қазақстанда ойнауға шақырады

 Дастан Жұмабекұлы 20.05.2022 | 15:25
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанға іссапармен келген Анкара қаласының губернаторы Васип Шахин спорт нысандарын да аралап көрді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мейманға заманауи спорт орталықтарын таныстырып,  қаланың даму жоспары туралы айтып берді. 

Алдымен «Түркістан-арена» орталық стадионында болған Анкара басшысы нысанның УЕФА талаптарына сай әрі сапалы екенін айтып, жақсы баға берді.

Ол осы стадионға Түркияның әлемге танымал футбол клубтарын жіберіп, халықаралық кездесулер өткізуге күш салатынын жеткізді.

Түркістандағы орталық стадион 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың бірнеше түріне арналған жаттығу залдары бар. Нысан — «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Түркістанға тартуы. Стадионның негізгі бөлігі футбол алаңынан және жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және өзге де залдары талаптарға сай жасақталған.

Одан кейін Анкара мен Түркістан басшылары құрылысы жүріп жатқан халықаралық теннис орталығын да аралап көрді. Аталған нысан биыл пайдалануға беріледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама