×

«Төртеу алсам ба деп отырмын»: Төреғали Төреәлі көп әйел алуға қатысты ойын ашық айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты

 Халық үні 25.11.2023 | 07:35
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлі екінші әйел алуға қатысты өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Алла қаласа, екінші әйел аламын. Мен тіпті төртеу алсам ба деп отырмын. Негізі екінші әйел алу деген біздің қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Бұл Алланың қалауындағы нәрсе. Менің тағдырыма жазылған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Бірақ тағдырыма жазылмаған болса, мен жүз жерден алам десем де, әйелімді көндірсем де ол тағдырға жазылмаған нәрсе. Тағдыр деген Алланың қалауы ғой.  Қаламаса хайыр», – деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева өнерпаздың есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама