×

Астанада қар күреушілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады

 Еркеғали Болатұлы 24.11.2023 | 12:40
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Күзгі-қысқы кезеңде Астананың 5 ауданының аумағын қатты қар жауған кезде 2 мыңнан астам арнайы техника мен 2 мыңға жуық жұмысшы тазартады. Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Қалада арнайы жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілері оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама