×

Ұлытау облысының ПД колледж студенттері арасында байқау өткізді

Оның қорытындысы бойынша үздік жобалар ұсынған студенттер алғыс хаттармен марапатталды

 Динара Амантай 23.11.2023 | 17:16
Фото: Ұлытау облысының полиция департаменті

Ұлытау облысының ПД полицейлері Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша студенттік идеялар мен бастамаларды дамыту» атты байқау өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты жол-көлік оқиғаларының алдын алуға тәрбиелеу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруға байланысты дағдыларды нығайту, жолда жүру қағидаларын сақтау.

Байқауда студенттер жол қауіпсіздігінің алын алу бойынша жобалар қорғап, қаладағы автокөлік тұрақтарының заманауи макет үлгілерін көрсетті.

 Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалар ұсынған студенттер анықталып, облыстық полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама