×

Алматыдағы құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзған 79 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 12:07
Фото: gov.kz / Ішкі істер министрлігі

Алматы қаласында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Алматы полициясы шетел азаматтарының орналасан жерін анықтау мақсатында құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтану орындарын, базарлар мен хостелдер және басқа да орындарды тексеріп шықты. Соның нәтижесінде рейдтің бірінші күні Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетел азаматы анықталып, Өзбекстанның 45 азаматы, Түркиядан келген  5 адам және 3 нигериялық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментіне жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 59 шетел азаматы жеткізілді.

Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 18 адам мен мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама