×

Қырғызстанның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Асқар Ақаев сұрақтар туындаған жағдайда куәгер ретінде жауап алуға қайта шақырылуы мүмкін

 Халық үні 20.12.2021 | 13:15
Асқар Ақаев, фото: ria.ru

1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған Асқар Ақаевқа тағылған барлық айып алынып тасталып, экс-президент қайта Мәскеуге ұшып кетті. Бұл туралы Асқар Ақаевтың әріптесі Бекболот Талғарбеков айтты, деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, Ақаевқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеуде оның да, оның жақындарының да «Кұмтөр» жобасынан ақша алмағаны анықталды.

Асқар Ақаевтың Centerra Gold Inc.-те бірде-бір акциясы жоқ. 2003 жылы үкімет Centerra құру туралы шешім қабылдады. Келісімді құрамына «Қырғызалтын» кірген мемлекеттік комиссия, оның ішінде үкімет пен парламент өкілдері, соның ішінде Ақылбек Жапаров та дайындады. Үкімет тек келісімді мақұлдады. Оған дейін бұл келісімді Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары қарастырды. Олар оң қорытынды берді, - деген Бекболот Талғарбеков.

Айтуынша, егер қылмыстық істі тергеу барысында Асқар Ақаевқа қандай да бір сұрақтар туындаса, оны қайтадан куәгер ретінде жауап алуға шақырылуы мүмкін.

Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев осыған дейін «Құмтөр» жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен іздеуде болған. Қырғызстан ҰҚК Асқар Ақаевтың қатысуымен кен орны бойынша қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, «Құмтөр ісі» бойынша биылдыққа екі рет жауап алуға шақырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама