×

Ресейде әскерге 130 мың адам шақырылады

Әскери комиссариатқа шақырылған Мәскеудің 23 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2023 | 12:06
Фото: © ТАСС / Юрий Смитюк

Ресейде күзгі әскери шақырылым болып жатыр. Ол қазан айында басталған. Әскерге шақыру 31 желтоқсанға дейін болады. Осы уақыт аралығында 130 мың адамды әскерге алу жоспарланған.

Baza Telegram-арнасының мәліметіне қарағанда, Ресей жастарының арасында әскерден жалтарып жүргендердің саны артып келеді.

Әскерге бармау үшін елден қашып жатқандар да бар. Олар «Әскерге бару деген аты ғана. Шын мәнінде ол – қанқасап соғыстың ортасына түсу» деп санайды. Ал кеше  әскери комиссариатқа шақырылған Мәскеудің 23 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Ол өз-өзін өлтірер алдында әскери комиссариаттан шақыру қағазын алғанын, әскерге барғысы келмейтінін айтқан. Содан кейін Марксист көшесінде орналасқан «Выстрел» деген клубта басына тапанша тіреп, шүріппесін басып жіберген, – деп хабарлады Baza.

Telegram-арнада хабарланғандай, қазір Ресейде әскерге барудан бас тартқандарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін де Украинаға қарсы соғысқа барғысы келмей, елден қашқандарға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы сөз болған еді. Сонымен бірге Ресей билігі әскерге барудан жалтаратындарға, бұйрықты орындамайтындарға, әскери бөлімді өз бетімен тастап кететіндерге қылмыстық жауапкершілікті қатайтып, көп жылға дейін бостандығынан айыратын болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама