×

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салынды

 Халық үні 20.11.2023 | 23:19
фото: stan.kz

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі, «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша азамат Меделханұлына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Соттың мәліметінше, 2023 жылы 8 қарашада М-ның «Facebook» -те бейнехабарлама жариялағаны белгілі. Аталған жазбада М. 2023 жылы 21 қазанда көршісінің өзіне шабуыл жасағанын, ал бұл ретте полиция қызметкерлері әрекетсіздік танытқанын мәлімдейді.

Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспағаны да айтылады.

Сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасамағанын анықтады. Сонымен қатар, М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, М. желіде жалған ақпарат жариялаған. М. өз кінәсін мойындамады. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды, - делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама