×

«Куәгерлерді іздейміз»: Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары үндеу жасады

Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеновамен мейрамханада отырған видеосы төменде 

 Халық үні 19.11.2023 | 19:54
Фото: instagram/_salta_n

Мвидео Салтанат Нүкенованың туыстары қасіретті күндерде қайғысына ортақтасқан ел тұрғындарына арнаған үндеуді журналист Болат Аманбаев Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Қадірлі достар, қымбатты қазақстандықтар. Қызымыз Салтанаттың айуандықпен өлтірілуіне байланысты көңіл білдіргендеріңізге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздердің жазған қолдау пікірлеріңізді, шалған қоңырауларыңызды, хабарламаларыңызды, білдірген көңілдеріңізді көріп отырмыз. Біз зорлық-зомбылық пен адам өліміне төзбейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан осы оқиға республика тұрғандарын дүр сілкіндірді. Салтанаттың қазасы әлсіз адамдарға жасалатын әлімжеттікке қарсы күрестің символына айналды, - делінген үндеуде.

Олардың айтуынша, марқұмның топырағы суымай жатып, әлеуметтік желілерде әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен өсектер тарай бастағаны жанға қатты батқан.

Кейбір журналистер мен блогерлер осы оқиғадан өздеріне арзан абырой мен жалған атақ жинауға көшіпті. Осыған байланысты біздің әулетті қандықол қылмыскердің туыстарымен ымыраға келіпті деген қанқу сөздерде пайда болыпты. Бірақ бұл шыңдыққа сәйкес келмейді. Біз ешкімді кешірген жоқпыз. Мыңдаған адам қайғымызға ортақтасып, шын көңілін білдіріп, бізді жұбатып жатыр. Аса қатігездікпен жасалған бұл қылмыстық істі жеке бақылауына алған ел президентіне ерекше алғысымызды білдіреміз, - дейді туыстары.

Сондай-ақ туыстары бұл іс президенттің пәрменімен ерекше тергелетінін де айтты.

Қазіргі уақытта сол түнгі қылмыстың қалай өрбігені бүге-шігесіне дейін нақтылануда. Біз осы қылмыстың куәгерлері бар және олар қылмысты ашуға көмектеседі деп сенеміз. Егер қандай да бір осы қылмыс туралы ақпараттар мен айғақтарды білсеңіз полицияға немесе біздің қорғаушыларымыз: И О. Вранчев және Ж.М. Оразбақоваға хабарласуыңызды сұраймыз. Егер сіздің қылмыстық іске қатысты маңызды ақпаратыңыз болса, бірақ жеке басыңыздың қауіпсіздігі үшін секеміңіз болса, сізге заң жүзінде мемлекет тарапынан қорғау кепілдігі болады, - дейді Салтанат Нүкенованың туыстары.

БАҚ-тың хабарлауынша, видео жазғы уақытта түсірілген секілді. Бірақ видеодан мейрамхананың сол BAU екенін байқауға болады. Ол қорқор тартып отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама