×

Дауыл Қарағанды облысындағы 14 әкімшілік ғимаратқа зақым келтірді

Бүлінген аумақ 4 мың шаршы метрге жуық

 Ербол Тұрымбет 19.11.2023 | 17:46
фото: Қарағанды облысының ТЖД

Күшейген жел Қарағанды облысында да бірқатар ғимаратқа зақым келтірді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, облыс аумағында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейіп, 14 әкімшілік ғимараттың шатырын қиратқан. Бүлінген аумақтың жалпы көлемі 4 мың шаршы метрге жуықтайды.

Мәселен, Қазыбек би мен Әлихан Бөкейхан аудандарында банк ғимараты, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, Музыкалық комедия театры, Қарағанды индустриалды колледжі, академик Қ.А. Сағынов атындағы колледж-мектепте шатыр ұшқан.

Сондай-ақ Шахтинск технологиялық колледжі, Бұқар жырау ауданында Андрейниковка негізгі орта мектебі, Ботақара кентінде Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп, Новоузенка ауылында М. Жүсіп атындағы ОМ КММ ғимараты да бүлінген.

Нұра ауданында М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Нұра ауданы әкімі аппаратының ғимаратына, Кертінді ауылының мәдениет үйіне де осындай зардап келген. 
Осакаров ауданында Нияз ауылындағы №22 жалпы білім беретін мектеп, Молодежный кентінің №12 Абай атындағы тірек мектебінде де шатыр қираған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама