×

Республикалық маңызы бар жолдардың 27 учаскесі жабылды

Күтіп-ұстау жұмыстарына 200 арнайы техника мен 220 жолшы маман жұмылдырылды

 Халық үні 19.11.2023 | 00:06
фото: el.kz

Сағат 23:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 27 учаскесі жабылды, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«23:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 18 қарашада ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол бойындағы көрінудің шектелуі) көлік қозғалысына шектеу Ақмола (13), Қостанай (5), СҚО (9) облыстарында енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесі жабық», - делінген хабарламада.

Күтіп-ұстау жұмыстарына 200 арнайы техника мен 220 жолшы маман жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама