×

Қазақстанның 3 облысында жолдар жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 164 бірлік арнайы техника және 190 жолшы жұмыс істеп жатыр

 Халық үні 18.11.2023 | 20:45
Фото: egemen.kz

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Сағат 19.45-тегі ақпаратқа сәйкес ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) көлік құралдарының қозғалысы Ақмола (9), Қостанай (5), СҚО (8) облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде шектелді», - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 164 бірлік арнайы техника және 190 жолшы жұмыс істеп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама