×

Ақтөбеде көлік апатынан 2 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Полиция тергеуді бастады

 Дәурен Ерболат 18.11.2023 | 14:10
Скрин видео

Ақтөбеде жүк көлігі мен автомобиль соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қарашада сағат 15.15 шамасында қаладағы «Оңтүстік айналма жол» автожолында болған.

Daewoo Nexia көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған DAF жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Салдарынан автомобильде отырған жолаушылар: 49 жастағы ер адам және 47 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, – деп жазылған хабарламада.

Көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын көлік апатынан шамамен 2 мың адам қаза табады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама