×

«Заңмен жазаланады». Министрлік салыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

ЕХӘҚ азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұрады

 Динара Амантай 18.11.2023 | 13:35
Фото: Halyq Uni

ҚҚС үшін төлемдер енгізу туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «ҚҚС төлемін» енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама