×

Биыл Ұлттық ұланда 200-ден астам сарбаз әскери борышын өтейді

Олар жауынгерлік өмірге бейімделуге тиіс

 Дәурен Ерболат 17.11.2023 | 17:46
фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан сапына шамамен 200 жас сарбаз шақыралады, деп хабарлады ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметі.

Өскемендегі №5518 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеу үшін 100-ге жуық сарбаз келген. Олар Алматы облысы мен Алматы қаласынан шақыртылған.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас сарбаздарды жауынгерлік өмірге бейімдеу қажет деп санайды. Алдымен олармен әскери психологтар сөйлеседі, содан кейін әскери өмірдің қыр-сырына үйрету үшін взвод командирлеріне табысталады.

Биыл әскерге шақырылғандардың саны 200-ден асады. Олар әскери бөлімге еліміздің 5 облысынан келеді. Бүгінде Ұлттық ұланның әскери бөлімі 100-ге жуық жас сарбазбен толықты. Олардың алғашқы легін теміржол вокзалынан оркестр әуенімен қарсы алдық. Оларға әскери бөлім алдында міндеттер жүктелді, - деді №5518 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Серік Ноғаев.

Осы орайда қатардағы жауынгер Ерасыл Молдахметов әскерге өзі келгенін атап өтті.

«Әскерге өз еркіммен келдім. Отан алдындағы борышты өтеу маңызды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама