×

Алматыда тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды

Мұндай урналарға құстар мен жануарлар жоламайды.

 Динара Амантай 16.11.2023 | 17:35
Фото: Алматы қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде мегаполистің Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарында 214 жаңа контейнер орнатылған.

3 текше метрлік бұл контейнерлер қолдануға ыңғайлы, эстетикалық келбетке ие, кез келген климатқа бейімделген. Тығыз жабылатын қақпақтың арқасында жаңбыр мен қардың ішке енуі, қалдықтардың жинақталуы, жағымсыз иістің таралуы мүмкін емес. Ең бастысы, мұндай урналарға құстар мен жануарлар жоламайды.

Еске сала кетсек, Алматыда тереңдетілген контейнерлер алғаш рет 2012 жылы орнатылды. Алғашқы үлгілер қорғаныш жабыны жоқ қара металдан жасалды. Ұзақ пайдалану салдарынан мұндай контейнерлер коррозияға ұшырады әрі жайсыз жағдайлардың болуы мүмкіндігін тудырды (ҚТҚ түсіру кезінде қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметкерлерінің жарақат алуы, аулалардың санитарлық жағдайының нашарлауы және т.б.) және оларды ауыстыру қажет болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама