×

Астанада жолда мұз тоңдарын қалдырмайтын материал таныстырылды

Отандық өнім экологияға залалын тигізбейді

 Дәурен Ерболат 16.11.2023 | 17:00
Фото: 46.mchs.gov.ru

Елордада өтіп жатқан Kaztraffic-2023 көрмесінде ерекше материал таныстырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көрмеде «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» ғалымдары жақында патенттелген көктайғаққа қарсы материалдың тұсаукесерін өткізді.

Материалдың басты ерекшелігі – 0-ден минус 30 градуста мұзды ерітеді және ол көктайғаққа қарсы қасиетін ұзақ сақтайды. Сондай-ақ материалдың құрамындағы кальций бетон жабынының беріктігін нығайтады және олардың бетін қабыршақтанудан қорғайды, ал фосфор жол бойындағы өсімдіктерге жағымды әсер етеді, - деп жазылған Көлік министрлігі таратқан хабарламада.

Жоба авторларының айтуынша, материалдың, яғни жаңа реагент формуласында жолды бұзатын, өсімдіктерге кері әсер ететін және көлікке зақым келтіретін натрий хлориді, яғни қарапайым тұз жоқ.

Біз минус 10 градусқа дейін жақсы жұмыс істейтін көктайғаққа қарсы шетелдік технологияны көрдік. Бұл технологияның мұзды жартылай ерітетінін және еріген су қайтадан қатып қалатынын байқадық. Соның салдарынан көктайғақ болады. Мәселені түбегейлі шешу үшін біз көктайғаққа қарсы жаңа материал әзірледік. Ол мұзды тез ерітеді және минус 30 градусқа дейін мұздың қатуына жол бермейді. Материалдың тиімділігі мен артықшылығын көріп, танысқысы келетіндерді институт зертханасына шақырамыз, - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғалымдары.

Ғылыми-зерттеу институты ерекше материалды сынақтан толық өткізіп, жобаға инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама