×

«Челси» футбол клубының бұрынғы капитаны хоккейге кетті

Бұл оның алғашқы хоккей клубы емес

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2023 | 13:55
фото: sport24.ru

«Челси» футбол клубының бұрынғы қақпашысы және капитаны Петр Чех жалға беру келісімшартымен ағылшындық «Белфаст Джайантс» хоккей клубына ауысты.

Біз Оксфорд Сити Старз хоккей клубына және Петрға ризамыз. Чех шеберлігі жоғары деңгейдегі спортшы және өзі ойнаған командасын да жоғары жетістіктерге жетелейді, – деді «Белфаст» командасының бас бапкері Адам Киф.

«Белфаст Джайантс» – Петр Чехтың алғашқы хоккей клубы емес. Чехиялық осыған дейін «Гилфорд Феникс» және «Челмсфорд Чифтейнс» сияқты хоккей клубтарында қақпашы болған. Ал «Белфаст Джайантс» – Ұлыбританияның қазіргі чемпионы.

Айта кетейік, Петр Чех «Челси» футбол клубы сапында 494 матч өткізген. Ал футболшы мансабын 2019 жылы аяқтаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама