×

20 миллионыншы тұрғынның әрқайсына қомақты ақша беріледі

Бес баланың үшеуі – ұл, екеуі – қыз

 Дастан Жұмабекұлы 16.11.2023 | 13:20
Көрнекі фото

«Отбасы банк» АҚ еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың ата-анасына 2 млн теңгенің сертификатын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың ата-анасы болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан біз («Отбасы банк» АҚ, - ред.) олардың әрқайсысына «Отбасы банкінің» 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификаттарын сыйлаймыз. Сертификат жай ғана сыйлық емес, жарқын болашаққа жолдама болады деп ойлаймыз. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады. Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары видеобанкинг қызметін пайдаланып, өз қаласындағы біздің банкке келіп, сертификатты, жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Бұл үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі. Біз 20 миллионыншы тұрғын атанған сәбидің отбасына барып, сертификатты табыс етіп жатырмыз. Біздің банк ақшалай сыйлықты алу үшін кеңес береді, – деді банктің басшысы Ләззат Ибрагимова.

Айта кетсек, халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала бірдей еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған болатын. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз.

Бүгін сүйінші хабарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деді президент әлеуметтік желіде.

Бүгінде қазақстандықтардың орташа жасы салыстырмалы түрде жас болып келеді. Яғни, ол – елімізде бала туу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді деген сөз. Мысалы, 2009 жылмен салыстырғанда, 2021 жылғы санақ нәтижесінде орташа жас 31-ден 32 жасқа дейін өскен.

Санақ аралығындағы кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өсті. Егер олардың үлесі 2009 жылы сол кездегі халықтың жалпы санының 24,1%-ын (3,9 млн адам) қамтыса, соңғы санақ қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4% (5,6 млн адам) болды.

65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі де өсті. 2009 жылмен салыстырғанда 2021 жылы олардың үлесі 7,1%-дан 8,2%-ға дейін өсті (1,6 млн адам).

Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарт адам тұрған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама