×

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді

Ақжолтай жаңалықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді

 Халық үні 16.11.2023 | 10:19
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Сүйінші хабарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, - деп жазды Президент.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР – ЖАС ҰЛТ

Қазақстандықтардың орташа жасы салыстырмалы түрде жас болып келеді. 2009 жылмен салыстырғанда 2021 жылғы санақ нәтижесінде орташа жас 31-ден 32 жасқа дейін өскен.

Санақ аралығындағы кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өсті. Егер олардың үлесі 2009 жылы сол кездегі халықтың жалпы санының 24,1% (3,9 млн адам) құраса, соңғы санақ қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4% (5,6 млн адам) болды.

65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі де өсті. 2009-бен салыстырғанда 2021 жылы олардың үлесі 7,1%-дан 8,2% дейін өсті (1,6 млн адам).

Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарт адам тұрған.

Айта кетейік, өңірлер арасында балалар саны бойынша Түркістан облысы, 90 жастан асқан қариялар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.

Демографиялық өсім 20%: аз ба, көп пе? Қазақстандағы халық саны экономикаға тікелей әсер ете ме? Қазақстан экономикасы өзін жайлы сезіну үшін халық саны кем дегенде қанша миллион болуы керек?

Осы мәселеге қатысты Halyq Uni тілшісі бір топ Парламент депутаты мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың пікірін білді.

Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев экономика дамуы үшін Қазақстанда халық саны 40 млн адамға жету керек деп есептейді.

Көрші Өзбекстанды алыңыз, халқының саны 36 миллионға жетті. Қазақстанның алып территориясы үшін 20 млн адам аздық етеді. Экономикамыз дамуы үшін Қазақстан халқының саны 40 млн адамға жетуі керек, - дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама