×

Қаңтарда Айкөркемнің оққа ұшуына қатысты іс: айыпталушы ақталып шықты

Прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған

 Халық үні 15.11.2023 | 21:45
фото: azattyq.org

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот шешім шығарды. Әскери қызметкер Арман Жұман ақталды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

«Азаттық» радиосы мәліметінше, 15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты айыпталушы әскери Арман Жұманды ақтады.

Бұған дейін прокурор айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы Арман Жұман «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айыпталған.

Өкінішке қарай, сот Арман Жұманды ақтады. Қандай негізбен ақтағанын әзірге білмейміз. Үкім мәтінін жақын күндері аламын. Соттың мұндай кереғар тұжырымға қалай келгенін білмейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз, - деді адвокат Жан Күнсеркин.

Сондай-ақ ол қайтыс болған қыздың әкесіне қатысты сот оны Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) жауапкершілікке тарту туралы жеке қаулы шығарғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама