×

«Кесу және басқа да жолымен жойылады»: елдегі 117 жойғыш ұшақ жарамсыз

Барлығының техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімі өтіп кеткен

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2023 | 12:01
фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда 117 жойғыш ұшақты жойып жіберуге шешім қабылданды, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (қазіргі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) бұйрығы бойынша МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 және Су-24МР – барлығы 117 авиатехника пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген.

Олар Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық тендерге шығаруға жатады. Негізгі шарт – оны толығымен жою, - деп хабарлады министрлік.

Барлық ұшақтың техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Оны ары қарай пайдалануға болмайды. Ал үшінші тұлғаларға өтіп кетпеуіне жол бермеу үшін кесу және басқа да жолымен жоюға шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама